«Қазақстандық кітаптарды сату тиімсіз», – деп хабарлайды Қазақстан қаржылық порталы www.profinance.kz. Осы пікірді Мемлекеттік Кітап палатасының директоры Жанат Сейдуманов білдірген болатын. Оның сөзіне қарағанда, еліміздің кітап дүкендерінің 90-95% өнімі – ресейлік. Ал Кедендік ұжым пайда болса, қазақстандық кітаптар дүкен сөрелерінен мүлдем жоғалып кетуі мүмкін, деп болжамдайды сарапшы.

Маманның айтуынша, 2009 жылы қазақстандық кітаптардың шығарылу көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 20% төмендеді. “2009 жылы 2008 жылдық кітап өнім көлемінің 78,4% шығарылды.

Сонымен қатар, Ж.Сейдумановтың мәлімдеуінше, қазақ тілінде шыққан кітаптар саны көбейді, олардың 54% мемлекеттік тапсырыспен жарыққа шыққан екен.

Баспа үйлердің барлығы дерлік қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыстар арқасында күн көруде, ал ондай тапсырыс тізіміндегі кітаптардың көбісі әлеуметтік-маңыздылығы бар және лимитті таралымда. “Дәл қазір бұл ақпараттық, мәдени, ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі, себебі қазақстандық кітаптардың сатылымы айтарлықтай қысқарды”, – деп мәлімдеді Мемлекеттік Кітап палатасының директоры.

Кітап өнімінің негізгі бөлігін шығаратындар – Алматы мен Алматы облысы, ал Ақмола, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарында осы салада биыл жағымды өзгерістер байқалады.

Сейдумановтың айтуынша, кітаптардың көп бөлігін ғылыми басылымдар құрайды — 417 аталым, ғылыми әдебиеттер – 285 аталым, көркем әдебиет — 209 аталым.

Ұлттық кітап палатасы өткізген зерттеу бойынша, орташа есеппен алғанда, жарты жылдың ішінде әр қазақстандық 3,7 кітап сатып алады. Ал белсенді оқырман легіне қазақстандықтардың тек 17% ғана жатады.

“Бүгінгі қазақстандық оқырмандардың жағдайы келесідей: детективтер – 32%, әйелдер романы – 35%, классика – 10%, поэзия – 5%, фантастика – 17%”, – деп хабарлайды сарапшы.

Бүгінде қазақ тілінде жарық көретін және сұранысқа ие кітаптардың көбісі – оқулықтар екенін ұмытпау керек. Жыл сайын қыркүйектен бастап «Атамұра» баспасының дүкендерінде оқушылар мен олардың ата-аналарынан құралған кезектер – кітапқа деген қажеттілік оқу процессімен байланысты екенін анық көрсетеді. Ал әдеби кітаптардың сөрелерінде сол баяғы Ахмет, Бейімбет, Сәкендердің тандамалы жинақтары мен Мағауин, Есенберлин, Мұратбековтардың романдары. Осы кітаптардың бағалары не бары 450-650 теңге шамасында. Бағалары қалта көтеретіндей болса да, қазақ тілді тауар тобының жаңартылуы мен кеңеюі мәз емес. Ал осындай уақытта жасөспірімдер американдық жазушы Стефани Майердің романдарына неге қызықпайды? «Twilight» романының бағасы Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдарынан» бес есе қымбат, соған қарамастан бір жылдың ішінде сатылымдардың көшбасшысына айналды. Жастар көркем әдебиетті оқымайды немесе қазақ тілді жазушыларды менсінбейді дегенді жиі естиміз, бірақ бүгінгі қазақстандық баспа үйлер жастардың қызығушылықтарына жауап беретін әдебиеттер ұсынып көрді ме? Ең құрығанда, Донцоваларымыз да жоқ…

Қазақша жаңа кітаптар легінен көбінде тек мамандандырылған не дінге байланысты жұқа кітаптарды көреміз. Қайтеміз, қазақстандық кітаптарды сату тиімсіз деп жатса.

Мінбер.кз үшін

Arsik
Arsik
29 January 2010, 02:03
 2  
просмотров
357
 
margulan-qazaq
29 January 2010, 11:55
0
енді қайтесін біз бұрыңғы ҚСРОда ең орыстанған елміз. Құдай қаласа болашақта бәрі өзгереді -қазақ тілі өз шыңына шығар
serikbai1953
21 February 2010, 11:38
1
Ләйім солай болсын!
Чтобы оставлять комментарии, Вы должны быть авторизованы. Если у Вас нет логина, то пройдите регистрацию.
Arsik
49.24
Статистика
Зарегистрирован 12 September 2008
Рейтинг записей 17
Рейтинг комментариев 1.9
Записей в блоге 35
Комментариев 179
войти
зарегистрироваться
сообщества
последние записи
записи по обсуждениям
записи по рейтингу
создать новое сообщество
личные блоги
последние записи
записи по обсуждениям
люди
самые активные
новые
по городам
по интересам
блог проекта
правила участия
помощь
мы на других сайтах
реклама
конкурсы
контакты
WebEverywhere, 2008-2010

Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Казнета Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Казнета