<![CDATA["...Кеудемде қимылдаған жаным барда"]]> http://arsik.yvision.kz/feed/ Thu, 18 Mar 2010 05:29:08 +0600 http://yvision.kz/images/userpics/arsik-normal.jpg"...Кеудемде қимылдаған жаным барда"http://arsik.yvision.kz all rights reserved Zend_Feed Білім. "Қағаз кітап ешқашан да өлмейді"

Интернет әлеміне көшіп келген жарнама, кітапханалар мен газет, радио, телевидениеның қатарында дүкендер де бар. Электрондық сауда-саттық Қазақстан интернетіне де жат емес - онлайн дүкендер соңғы екі жылдың ішінде бұл нарықта жақсы көрсеткіштерге жете білді. Бүгінде қазақстандық интернетте сауда-саттықты табысты әрі сапалы өткізіп жүргендердің ішінен Қарағанды қаласында пайда болған «Флип.кз» электронды дүкенін атап өтуге болады. «Флип.кз» интернет-дүкенінің маркетологы Анастасия Сон қазақстандық онлайн-коммерцияның

жай-күйі мен осы саладағы өз тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше сұрақтарымызға жауап берген болатын.

- «Флип.КЗ» электрондық дүкені жайында айтып берсеңіз, қалай, қашан пайда болды?

- Қазақстандықтар үшін ыңғайлы төлем және жеткізуді қамтамасыз ететін интернет-дүкенді жасау идеясы біздің басшымызға келген болатын. Оның таныстары сирек кездесетін кітаптарды шетелдік интернет-дүкендерде сатып алу үшін одан жиі көмек сұрайтын.

FLIP.kz интернет-дүкені 2007 жылдың 20 қарашасында ашылды. Оның алдында 10 айдай электрондық сауда, сайт әзірлеу, серіктестерді іздеу және т.б. айналыстық. Дүкен ашылған кезде сұрыпталымыз үш тауарлық топпен белгіленді: кітаптар, кеңсе заттары мен балалар әлемі. Жұмыс барысында біз кеңсе заттарынан бас тарттық және жаңа топ - видео, бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлік ойындарды қостық.

Алғашында штатта 8 қызметкер болды, бүгінде олардың саны 18-ге жетті. 2009 жылдың тамыз айында Алматыда филиалымыз ашылды.

- Ең басында қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз? Жалпы, электронды дүкенді ашпас бұрын бұл саланың қандай ерекшеліктеріне назар аудару қажет?

- Негізгі қиыншылық, нақтылай айтатын болсам, ең жауаптысы, - сенімді серіктестер мен жеткізушілерді тауып алу. Олардың барлығы осы нарыққа жаңадан келгендермен жұмыс жасауға дайын бола бермейді. Сол себепті, өзіңізді жақсы жағынан көрсетуіңіз қажет. Сонымен қатар, интернет-дүкенде сауда жасауға арналған тауарды дұрыс таңдау қажет, тауар санаттарының санын бірден ұлғайтудың қажеті жоқ, одан да бірте-бірте бар топтарды дамытып, жаңасын қосқан жөн.

Тағы айта кететін бір жайт, қызмет көрсететін сайт барлық үлгілерге сай келіп жатса да, дизайн, функционал мен пайдалану жағы барлық талаптарға жауап беретін болса да, электронды дүкеннің иесі әлеуетті сатыпалушыларға жарнама қажет екенін ұмытпау керек. Компания сатыпалушылар сайтқа келіп тұрған жағдайдың өзінде тауарды бірден сатып алмайтынын білуі қажет. Сайт пен компания тұтастай пайдаланушының сеніміне кіруі тиіс.

- Дүкеніңіздің негізгі тауары не және неге дәл осы тауар?

- Басында біз дүкенімізді кітап интернет-дүкені ретінде таныстыратынбыз, алайда, кейін сұрыпталымыз кеңейіп, негізгі бағыттан алшақтап кеттік. Дәл қазір біз пайдаланушылардың сұранысына жауап беруге тырысамыз, қажет тауарларды жеткізетін компанияларды іздейміз. Бірақ, негізгі тауарымыз - әрине, кітаптар, себебі бұл on-line сатыпалушылардың ең танымал санаты.

- Ал мақсатты аудиторияңыз кім?

- Дүкеніміздің сұрыпталымы кең болғандықтан, біз сатыпалушыларды белгілі бір топқа шектемейміз. Тұтынушылардың ішінде мектеп оқушылары, студенттер, ірі компаниялардың топ-менеджерлері, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер де бар. Жарнама болсын, тауарлық ұсыныс болсын - тұтынушылардың әр тобы үшін жеке әдіс-тәсілдеріміз бар.

Жас шамасы мен әлеуметтік жағдайының әртүрлілігіне қарамастан, пайдаланушыларымыздың барлығына бір ортақ нәрсе - компьютерлік және интернет сауаттылық, бос уақыттарының жоқтығы немесе дүкендерді аралау үшін уақытын үнемдеймін деген қажеттілік.

Негізінде, әйелдер ер адамдарға қарағанда тауар іздеуде және сатып алуда көбірек белсенділік танытады. Сатыпалушылар тобының негізгі жас шамасы - 25-44.

- Ал қазақ тілінде «Флип» қандай әдебиеттерді ұсынады және қазақ тілінде қандай кітаптар сұранысқа ие?

- Қазақ тіліндегі әдебиеттер тізімінде оқулықтар, сөздіктер, техникалық, экономикалық және басқа да мамандандырылған әдебиеттер, көркем және балалар әдебиеті, Қазақстан тарихынан да кітаптар бар.

Көбінде қазақтың салт-дәстүрі, мақал-мәтелдері, ертегілері, сонымен қатар, бухгалтерлік есепке, құқықтануға байланысты мамандандырылған кітаптарды да сатып алады.

- Сонда оn-line дүкендердің жай дүкендерден қандай артықшылықтары бар?

- Интернет-дүкен кез келген супермаркеттен гөрі өзіне көп тауарды сыйдыра алады. Тауарды сатып алу үшін түрлі әдістер бар: қолма-қол ақша, пластикалық карта, банк аударымы, электронды ақша. Тауарды үйге не офиске ыңғайлы уақытта жеткізеді. Интернет-дүкенге тәулігіне 24 сағат бойы үйден не офистан шықпай-ақ кіруге болады. Тауардың сапасымен толық танысып, басқа сатыпалушылардың пікірін білуге болады. Интернет-дүкенде сыйлықтарды сатып алуға ыңғайлы.

- Пайдаланушыларыңыз төлемнің қай түрін көбірек пайдаланады?

- Тұтынушылардың көбісі сатып алынған заттарды алғаннан кейін қолма-қол ақша түрінде төлейді. Келесі көп таралған төлем түрі - пластикалық карталар, банк аударымдары, ал соңғы кезекте - электронды ақша, мысалы, webmoney және яндекс.ақша секілділер.

- Бүгінде Қазақстанда жүзден астам интернет-дүкен бар, қарап отырсақ, бұл аз емес, алайда, қазақстандық пайдаланушылар желіде сауда жасауға асықпайды. Бұның себебі неде деп ойлайсыз?

- Қазір әр қалада және үлкен ауылдардың өзінде интернет бар, алайда, пайдаланушылар желіде белсенділік танытуға асықпайды, олар әлі де болса, электронды пошта мен әлеуметтік желілер секілді негізгі ірі сервистерде уақытын өткізеді. Бұның себебі, біріншіден, тұрғындардың интернет-сауаттылығының аздығында; екіншіден, интернет-дүкендердің белсенді дамымауында және әлеуетті тұтынушылар үшін жеткілікті жарнама таратпауында. Тағы бір себеп - тауар пайдаланушының қолына жетпегенше, адамдар ақша төлеуге қорқады. Бірақ бұл проблеманы шешуге болады, мысалы, почтаға сауқат келгенде салынған үстелме төлем немесе курьер сатыпалушыға тауарды жеткізген кезде ақшаны бірден-ақ төлеуге болады.

- Қазақстанда осы нарықта жақсы көрсеткіштерге жеткен мамандандырылған интернет-дүкендерді атай аласыз ба?

- Қазақстандық көптеген онлайн-дүкендердің ішінен бірнешеуін бөліп жару қиын. Келешегі бар бағытпен жұмыс жасап, дамып келетін дүкендерді атап өтсем:

http://shop.ww.kz/ - «Белый Ветер» компаниясының интернет-дүкені (компьютерлік техника);

http://www.intershop.kz/ - сретч-карталарды сататын дүкен;

http://www.sulpak.kz/ - «Сулпак» компаниясының интернет-дүкені, тұрмыстық техниканы сатады. Нарықты жаулап алмақшы жоспары болатын, алайда әзірге ондай жетістікке жете қойған жоқ;

http://www.slingomama.kz - слингтерді (балаларды көтеріп жүруге арналған бұйым) сататын интернет-дүкен, тапсырыстар тек телефон арқылы жүзеге асырылады;

http://rm.axon.kz/ - шығыс материалдарын сататын интернет-дүкен;

http://www.vot.kz/ - парфюмерия интернет-дүкені

http://instore.kz/ - Қазнеттегі алғашқы дүкендердің бірі, тұрмыстық техника мен электрониканы сатады;

http://www.gps.kz/ - "Бассар Электроникс" фирмасы, навигациялық құрылғыларды сатады;

http://www.intertrade.kz/ - балаларға арналған тауарлар.

- Соңғы кезде онлайнда кітап бизнесінің қарқынына қандай баға бере аласыз?

- Кітаптардың онлайн-нарығы соңғы жылы айтарлықтай өсті, мысалы, өз дүкенімізді айтатын болсам, сату көлемі еке еседен артық жоғарылады. Алайда, онлайн-нарықтың көлемін оффлайн-нарықпен әзірге салыстыруға болмайды. Ірі кітап сауда желілері интернетте белсенділік танытпайды.

- Бүгінде қағаз кітаптардың болашағы жайында көп сөз айтылады. Келешекте оларды оқушылар мен студенттер сатып ала ма, әлде кітап сөрелерінің орнын букридерлер секілді құрылғылар баса ма?

- Электронды форматтағы кітаптардың артықшылықтары бар болса да, қағаз кітаптар әлі біразға дейін маңыздылығын жоймайды, бұған бірнеше себеп бар:

 

  • Біріншісі және ең маңыздысы, кітап сауда ұйымдары электронды кітаптардың нарығын дамытуда әзірге қызығушылық танытпайды, себебі қағаз кітаптардың азаюы олардың табысын азайтады;
  • Көп туындылардың электронды түріндегі нұсқалары жоқ. Барлық классиканы сандық жүйеге көшірту көп уақытты қажет етеді;
  • Қағаз кітаптардың артықшылығы эстетикалық мәнінде де. Сапалы қағазда басылған, көркем иллюстрациясы бар кітапты қолға алғанда жағымды әсерде қаласыз. Көптеген кітапсүйер немесе кітап жинайтын қауым үшін кітаптың тек іші емес, сырты да маңызды.
  • Кейбір адамдарға букридерді ақтарып, оның жұмысын түсінуден гөрі, қағаз кітап алып оқыған ыңғайлы;
  • Электронды кітаптарды оқуға арналған құрылғылар арзан емес;

Қағаз кітап ешқашан да өлмейді. Әрине, таралымдары азайып, бағалары жоғарылап, қымбат мұқабасы бар сыйлықтарға арналған басылымдар көбірек шығарылып, яғни «тапсырыс баспасы» көбірек дамуы мүмкін. Алайда, бұл кез келген адам еш қиналмастан өз букридерына қажетті кітапты жүктей алған кезде ғана болатын жағдай.

- Ал Қазақстандағы электрондық коммерцияның келешегі жайында не айта аласыз?

- Кейбір сарапшылардың айтуынша, қазақстандық электрондық коммерция нарығы ТМД елдері ішінде ең қарқынды дамып келе жатқандардың бірі. Сонымен қатар, олардың бәрі дерлік интернет-саудаға жарқын болашақ болжауда. Меніңше, келесі 1-2 жылдың ішінде Қазақстандағы электронды коммерция саласына елеулі өзгеріс әкелетін бірнеше жағдай болуы мүмкін:

  • Ірі сауда ұйымдары интернетке келіп, белсенділік таныта бастайды, интернет-дүкендер ашады немесе, тым құрығанда, тауарлар каталогы бар сайттарын ұсына бастайды;
  • Ұсақ интернет-дүкендер ірі желілермен бәсекеге түсе алмай, жабыла бастайды;
  • Кейбіреулері тауашалы дүкендер болып қайта мамандандырылады және тар шеңбердегі салада тауарларды сататын болады;
  • Бірінші кезекте қажет болатын тауарлары бар аймақтық дүкендер кең таралады.

- Уақытыңызды бөліп, сұрақтарымызға жауап бергеніңіз үшін көп рахмет.

"Қазақстан Іскері" газеті үшін

]]>
Tue, 02 Feb 2010 18:20:31 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)а здесь могли бы быть тегиhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%91%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC/29371.htmlhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%91%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC/29371.html
Әдебиет. Қазақстандық кітаптар кімге қажет?«Қазақстандық кітаптарды сату тиімсіз», – деп хабарлайды Қазақстан қаржылық порталы www.profinance.kz. Осы пікірді Мемлекеттік Кітап палатасының директоры Жанат Сейдуманов білдірген болатын. Оның сөзіне қарағанда, еліміздің кітап дүкендерінің 90-95% өнімі – ресейлік. Ал Кедендік ұжым пайда болса, қазақстандық кітаптар дүкен сөрелерінен мүлдем жоғалып кетуі мүмкін, деп болжамдайды сарапшы.

Маманның айтуынша, 2009 жылы қазақстандық кітаптардың шығарылу көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 20% төмендеді. “2009 жылы 2008 жылдық кітап өнім көлемінің 78,4% шығарылды.

Сонымен қатар, Ж.Сейдумановтың мәлімдеуінше, қазақ тілінде шыққан кітаптар саны көбейді, олардың 54% мемлекеттік тапсырыспен жарыққа шыққан екен.

Баспа үйлердің барлығы дерлік қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыстар арқасында күн көруде, ал ондай тапсырыс тізіміндегі кітаптардың көбісі әлеуметтік-маңыздылығы бар және лимитті таралымда. “Дәл қазір бұл ақпараттық, мәдени, ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі, себебі қазақстандық кітаптардың сатылымы айтарлықтай қысқарды”, – деп мәлімдеді Мемлекеттік Кітап палатасының директоры.

Кітап өнімінің негізгі бөлігін шығаратындар – Алматы мен Алматы облысы, ал Ақмола, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарында осы салада биыл жағымды өзгерістер байқалады.

Сейдумановтың айтуынша, кітаптардың көп бөлігін ғылыми басылымдар құрайды — 417 аталым, ғылыми әдебиеттер – 285 аталым, көркем әдебиет — 209 аталым.

Ұлттық кітап палатасы өткізген зерттеу бойынша, орташа есеппен алғанда, жарты жылдың ішінде әр қазақстандық 3,7 кітап сатып алады. Ал белсенді оқырман легіне қазақстандықтардың тек 17% ғана жатады.

“Бүгінгі қазақстандық оқырмандардың жағдайы келесідей: детективтер – 32%, әйелдер романы – 35%, классика – 10%, поэзия – 5%, фантастика – 17%”, – деп хабарлайды сарапшы.

Бүгінде қазақ тілінде жарық көретін және сұранысқа ие кітаптардың көбісі – оқулықтар екенін ұмытпау керек. Жыл сайын қыркүйектен бастап «Атамұра» баспасының дүкендерінде оқушылар мен олардың ата-аналарынан құралған кезектер – кітапқа деген қажеттілік оқу процессімен байланысты екенін анық көрсетеді. Ал әдеби кітаптардың сөрелерінде сол баяғы Ахмет, Бейімбет, Сәкендердің тандамалы жинақтары мен Мағауин, Есенберлин, Мұратбековтардың романдары. Осы кітаптардың бағалары не бары 450-650 теңге шамасында. Бағалары қалта көтеретіндей болса да, қазақ тілді тауар тобының жаңартылуы мен кеңеюі мәз емес. Ал осындай уақытта жасөспірімдер американдық жазушы Стефани Майердің романдарына неге қызықпайды? «Twilight» романының бағасы Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдарынан» бес есе қымбат, соған қарамастан бір жылдың ішінде сатылымдардың көшбасшысына айналды. Жастар көркем әдебиетті оқымайды немесе қазақ тілді жазушыларды менсінбейді дегенді жиі естиміз, бірақ бүгінгі қазақстандық баспа үйлер жастардың қызығушылықтарына жауап беретін әдебиеттер ұсынып көрді ме? Ең құрығанда, Донцоваларымыз да жоқ…

Қазақша жаңа кітаптар легінен көбінде тек мамандандырылған не дінге байланысты жұқа кітаптарды көреміз. Қайтеміз, қазақстандық кітаптарды сату тиімсіз деп жатса.

Мінбер.кз үшін

]]>
Fri, 29 Jan 2010 02:03:37 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)әдебиетhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D3%98%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82/27928.htmlhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D3%98%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82/27928.html
Әлемде. Аққулы көлді Голливуд2010 жылы асыға күтіп отырған кино тізімім ұзақ емес, бірақ 2010 жыл былай тұрсын, 2011-де шығатын киноны да күтетін болдым (бүгіннен бастап, әлі 1 жыл бар екен  ^_^). Өте қызықты болады-ау деген киноның аты - «Қара аққу» («Black Swan»).

Осы киноға деген үмітім зор, неге десеңіз, біріншіден, Натали Портман («V 4 Vendetta» үшін ерекше жақсы көремін), екіншіден, Вайнона Райдер (иә, «Нью-Йорктегі күз» үшін), үшіншіден, кинодағы оқиға балет театрының балериналары жайында. Портман «Аққулы көл» балетіндегі Одеттаның рөлінде; меніңше, шынымен де балеринаға ұқсайды.

Сценарий - Даррен Аронофски, Марк Хейман.

Жанр - триллер, драма.

Әлемдік премьера - 2010 ж. 31 желтоқсан.

Басты рөлде: Н. Портман, В. Райдер, М. Кунис, В. Кассель.

]]>
Wed, 06 Jan 2010 01:44:41 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)Натали Портманhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D3%98%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D0%B5/26320.htmlhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D3%98%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D0%B5/26320.html
Театр. Ұлтсыздану мейрамыЖелтоқсан айында Қарағанды облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы драмтеатрда Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» атты романынның идеясы негізінде «Мәңгі Мәңгү. «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан туған ой» атты спектакль қойылған болатын. Қойылымның режиссері - Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Мәдениет қайраткері Бекмұхамет Киікбаев.

Романның өзінен бастайтын болсақ, алғашында автор шығарманы «Құрсау» (орысшасы «Обруч») деп атады, яғни мәңгүрттің «құрсауы» мағынасында. Кейін ол «ғарыштық құрсауға» трансформацияланып, «адамзаттың басына орнайды». Алайда, цензура

атаудың мағынасын бірден түсініп, баспаға шығару үшін оны өзгертуге сұрайды. «Ғасырдан да ұзақ күн» атауы да жарамай қалғасын, сол кездегі соцреалистік сарынға жақындатылып, кітап «Боранды бекет» деп аталды. Айтматов үшін сол кезде бастысы - кітапты жарыққа шығару еді, сол себепті автор идеологиялық кикілжіңдерге сабырлық танытты. «Цензураның кесірінен романда онсыз да біраз нәрсе айтылмай қалды», - деп айтады автор уақыт өте келе...

 

Спектакль небары - 50 минут. Жас режиссер қойылымға театрдың жас актерлерін қатыстырды, және суретші мен хореограф та - жас мамандар. Бұл тегін емес, қойылымның өзі романға жаңаша көзқарас пен ой салады, жаңа болмаса да, басқа қырынан негізгі идеяны жеткізуге тырысады, ал бұл ой мен көзқарасты қабылдаушы көрермен де - жастар. «Боранды бекетті» бұрында да қазақ драмтеатрларында жиі қоятын, әлі де қойып жүр, алайда, осы жолғы спектакль романның негізгі әсері мен бүгінгі күнде көкейкесті мәселелердің бірі - ұлтсыздануды жаңа формада көрсетті. Адасу, мәңгүрттену, жоғалу - ұлттың проблемасы бола тұра, біріншіден, жастардың проблемасы. Сондықтан, бұл қойылымды жастармен жастарға қойылған спектакль деп түсіну қажет. Ақылы тоқтаған, мансабына жеткендер бұған скептикалық көзқарас білдіруі мүмкін, олардың өзгеруі де екіталай. Ал жастарға артылатын үміт пен сенім қашан да зор.

Қойылымдағы Жер шарын әлде шеңбер-құрсауды бейнелеп тұрған басты декорация Айтматовтың «Құрсауы» іспеттес. «Мәңгүрттену процесіне» қатысқандар сол декорацияны айналдырып, Жер шарын өз билігіне алғандай болады. Олардың сөзі де, ісі де - жоғарыдан келген бұйрық. Найман-Ана Сарыөзекке бір баласы үшін емес, тұтас бір ұлт кейпіндегі 5-6 актер сомдайтын балалары үшін келеді. Киікбаевтың Найман-Анасы - ұлтын, тілін, елін жоғалтқан адамзаттың анасы. Ал романның қалған кейіпкерлерінен тек Қазанғаптың мәйіті ғана. Мәңгүрттердің репликалары хореографиямен үйлесіп, көп әрекеттері қимылға негізделеді. Режиссер қойылымды жағымды әлде өзі үміт артып отырған шешіммен аяқтайды: ақырында мәңгүрттердің көзі ашылады, олар жаны бар саналыларға айналады.

Жалпы, театрдың бағыты мәдениеттің жаңаруы мен дамуының элементтері арқылы айқындалады. Алайда, бүгінгі таңда ұлтқа, оның ішінде жастарға артылатын жүкті, олардың осал жерлерін көрсетіп, қажет болса, проблеманың көкейкестігі мен маңыздылығын астарлап қана емес, қойылымдағыдай «айқайлап» та көрсеткен дұрыс секілді. Бүгінгі театр - тек қана рухани азық пен әлеуметтік институт емес, ол ұлтты құтқара алатын құралға айналуы тиіс.

Ақпарат көзі

]]>
Sat, 19 Dec 2009 21:14:25 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)ұлтhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%A2%D0%B5%D0%B0%D1%82%D1%80/24618.htmlhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%A2%D0%B5%D0%B0%D1%82%D1%80/24618.html
Блогинг. Әлеуметтік желілердегі маркетингтік құралдарБүгінгі маркетинг және көптеген жарнамалық акциялар Интернет көмегімен үлкен нәтижелерге жетуде. Сарапшылардың түрлі зерттеулерінде әлеуметтік маркетинг деген сөзді жиі естуге болады, себебі әлеуметтік медиа брендтерді бағалау мен тұтынудың деңгейін, тұтынушылар сұранысын нақты көрсетеді.

Интернетте брендті, компанияны немесе ресурсты жағымды жағынан көрсетіп, жаңалықтармен бөлісіп, тұтынушымен қалай байланыс орнатуға болады?  Төменде әлеуметтік маркетинг арнайы стратегияларға ие болған жағдайда маркетингтік құралдардың түрлері мен оларды жүзеге асыру форматы көрсетілген.

 

1. БЛОГ-МАРКЕТИНГ. Жеке және корпоративті блогтар әлеуметтік медиаларда бірыңғай тұғырнаманы дамыту үшін жасалынады. Мысалы, Интернет-дүкен «Flip» блогы , блог-тұғырнама Yvision.kz, Мегалайнның блогы т.с.с.

2. МИКРОБЛОГ. Твиттер микроблогинг сервисінде тіркелу және хабарламалар жариялау. Мысалы, «ГазетаКЗ» басылымының твиттері, «Гугл», «ПодКАЗт.кз» үнхабарлар терминалы, Яндекс т.б.

3. ӘЛЕУМЕТТІК ПРОФИЛЬДЕР. Бренд немесе өнімге арналған жеке немесе корпоративті профильдер мен беттерді жасау және толтыру. Мысалы, Фейсбук әлеуметтік желісінде Фликр, Apple компанияларының және көптеген басқа бренд пен ұйымдардың жеке беттері.

4. КОНТЕНТТІҢ КРОСС-ПОСТИНГІ. Блог немесе сайттағы контентті басқа блогхостингтерге де жариялау. Мысалы, Әлемтор жайындағы «Матрица» бағдарламасы өзінің видеоларын Yvision.kz блог-тұғырнамасына жариялап тұрады.

5. КОНТЕНТТІҢ RSS-ТРАНСЛЯЦИЯСЫ. Фидтің блогтан, сайттан арнайы rss-агрегаторлар мен каталогтарға таралуы.

6. АҚПАРАТ. Желіде презентациялар, электронды кітаптар мен ақпараттық материалды жасау және тарату.

7. СЕЛЕБРИТИ-ЭФФЕКТ. Блогтар, мамандырылған әлеуметтік желілер мен бренд бірлестіктерді танымал адамдар мен жұлдыздар жүргізген кезде; мысалы, afftor.kz -тегі блогтарды тек арнаулы авторлар жүргізеді.

8. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАР БОЙЫНША БРЕНД-БІРЛЕСТІКТЕР. Брендті қолдау мақсатында бірлестік құру. Мысалы, ресейлік «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Mango» испан сауда маркасына арналған бірлестік.

9. ФОТО-КОНТЕНТ. Фотографиялар мен суреттерді жасау және әлеуметтік желілер мен фотохостингтерде тарату.

10. ВИДЕО-КОНТЕНТ. Көңіл көтеретін, білім беретін, вирустық видеолар мен видеоподкасттарды әлеуметтік желілер мен видеохостингтерде тарату.

11. АУДИО-КОНТЕНТ. Аудио-контентті жасау және аудио-подкаст, аудио-кітап, музыка т.б. түрінде тарату.

12. ӘЛЕУМЕТТІК ОНЛАЙНДЫҚ БАҚ. Әлеуметтік жаңалықтық ресурстарда (мысалы, http://smi2.ru/ сияқты) азаматтық журналистердің көмегімен ақпарат тарату.
13. ӘЛЕУМЕТТІК ЭНЦИКЛОПЕДИЯ. Мақала, қосымшалар мен сілтемелерді әлеуметтік энциклопедия Wikipedia-да жасау.

14. ВЕБИНАРЛАР. Онлайндық конференциялардың жаңа формалары түрінде вебинарларды ұйымдастыру мен өткізу. Осылайша контентпен бөлісу, талқылау, таныстыру жұмыстарын жүзеге асыру.

15. ШОЛУЛАР МЕН ТЕСТТЕР. Өнімді тестілеуден өткізу үшін блогшылар мен танымал қолданушыларды қатыстыру, кейін олар өз блогтарында осы өнім жайында шолу жасайды. Мысалы, Beeline компаниясының тест-драйв секілді шаралары.

16. САЙЫСТАР МЕН АКЦИЯЛАР. Пайдаланушыларды сайыстарға қатысуға шақыру, жеңімпаздарға сыйақы тағайындау. Мысалы, «Киви.кз» видео сервисінің мерекелерге арналған видео-сайыстары немесе мобильді блог Moблог.кз-тің ұлттық фото-сайысы.

17. ФОРУМДАР. Танымал тақырыптық форумдарда арнайы тақырып жасап, талқылау мен пікір-таластарға қатысу.

18. ВИРУСТЫҚ МАРКЕТИНГ. Вирустық материалдарды (мәтін, видео, аудио) жасау және әлеуметтік ортада тарату. Мысалы, Евразия банкінің бұрынғы басқарма төрайымы Жомарт Ертаевтың видеосы.

19. МЭШАПТАР. Мэшаптарды, яғни бірнеше қайнардан алынған ақпаратты бір құралға біріктіретін веб-қосымшаларды қолдану. Мысалы, Нур.кз порталы мен Яндекс.кз.

20. ОФФЛАЙНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІК. Танымал блогшылар мен әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары арасында экскурсия мен басқа да тақырыптық кездесулерді ұйымдастыру.

]]>
Fri, 11 Dec 2009 01:23:55 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)жарнамаhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%91%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D0%BD%D0%B3/23919.htmlhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%91%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D0%BD%D0%B3/23919.html
Блогинг. Сауалнама
Бұл сауалнама интернеттің қазақ тілді бөлігінің дамуын, оның негізгі мәселелерін анықтауға арналған. Уақыт тауып, аталған сауалнаманың сұрақтарына жауап берерсіз деген үміттемін. Сауалнама жауаптары www.minber.kz сайтында кешікпей жарияланатын болады.

1. Күніне шамамен қанша қазақ тілді сайтты қарайсыз?

жалғасы

]]>
Thu, 12 Nov 2009 20:12:07 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)сауалнамаhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%91%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D0%BD%D0%B3/21748.htmlhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%91%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D0%BD%D0%B3/21748.html
Интернет в Казахстане. Қазастандық Әлемторда жарнама қалай дамуда?24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған жарнама мекені - Интернет. Жаңалықтық пен сараптамалық сайттарда да, жеке күнделік пен видео-сервистерде де жарнамаға кезігуге болады. Бұрындары интернет-жарнаманың негізгі пайдаланушылары кіші және орта бизнеспен айналысатын компаниялар болса, бүгінде бұл кез келген компанияның маңызды құралы. Әлемтордағы жарнама нарығы басында баннерлік жарнама мен баннерлік желілер арқылы жұмыс жасаса, интернет қолданушылар саны көбейген сайын ол дәстүрлі жарнама заңдарына бағына бастады: серіктестік бағдарламалар, мәтіндік жарнама, сапалы сайттар мен кәсіби желілік жарнама агенттіктер пайда болды.

Google мен Yandex сияқты іздеу жүйелерінің алпауыттары пайда болғаннан кейін жарнама мүмкіндіктері одан сайын кеңейді. Нарықты сегменттерге бөлу мен мақсатты аудиторияны іздеу арқылы ірі компаниялардың көбісі Әлемторды маркетингтік бағдарламаларының негізгісіне айналдырды. Ал Қазақстан Интернетінде (ҚазНет) жарнаманың бүгінгі жағдайы мен даму бағыты турасында білу үшін еліміздің ақпараттық технологиялар саласының мамандарын әңгімеге тарттық. Еліміздің Әлемтор кеңістігінде жарнама нарығы қай бағытты ұстанып келетіні жайында «Киви.кз» видео-сервисінің жасаушысы Рауан Маемиров төмендегідей пікір білдіреді: «Жарнама нарығы Қазақстанда енді-енді даму үстінде. Алайда, біздің қолданушылар қарапайым жарнаманы қанағат етер деп ойлау - дұрыс емес; олар осындай жарнаманы шетелдік сайттардан көріп, жалықты. Жергілікті компаниялар көбінде ресейлік әлеуметтік желілердегі жарнаманы сатып алуда, бірақ, өз тәжірибем көрсеткендей, бұл қымбат әрі нәтижесіз әрекет. Қолданушылар қарапайым жарнамаға баяғыда үйреніп қалды, яғни оған назар аудармайды». ҚазНет сарапшысы Шыңғыс Крайбеков осы пікірмен келісіп, жарнама нарығында алға басушылық неліктен бәсең екенін түсіндіреді: «Интернет-жарнама соңғы екі жылдың ішінде дами бастады, алайда, дағдарыстың салдарынан қазір қайта бұрынғы қалпында, әсіресе контекстті жарнама. Біздің компаниялар нарықтың бұл саласына онсыз да бірден кірген жоқ, ал көп ірі компаниялар оған асықпайды да, мысалы, мен банктердің жаранамасын көрген емеспін (ал БАҚ пен сыртқы жарнаманың негізгі жарнама берушілері - осылар)».

«ПодКАЗт.кз» жобасының авторы Иван Богураев біздегі интернет-жарнаманың дамуына не кедергі болып тұр деген сұраққа жауап беріп, интернет сегментінің өсу деңгейіне тоқталады: «Меніңше, Қазнеттегі интернет-жарнама нарығының көлемі аз, себебі Әлемторға жүйелі түрде кіретін адамдардың пайызы да тым аз. Алайда, соңғы екі жылдың ішінде интернет-қолданушылар саны біраз өсті, бұл интернеттегі жарнама көлемінің динамикалық өсуіне жағдай жасайды. Жалпы интернет сегментінің өсу деңгейі жайында айтатын болсам, өкінішке орай, Батыстан ғана емес, жақын көршіміз Ресейден де біраз қалып қойдық, бір жағынан, оны жағымды факт ретінде де қарастыруға болады, өзіміздің емес, олардың қателіктеріне қарап, үйрену. Дәл қазір қазнетте баннерлік жарнама кең қолданыста, себебі 10 жыл бұрын жарнаманың осыдан басқа түрі болған жоқ деп айтуға болады».

Біздің интернет-жарнама берушілер жарнаманың қай түрін және қалай қолданып жүргені  туралы Крайбеков мырза былай деп айтады: «Егер де контекстті жарнаманы қарастыратын болсақ, бұнда біздің ұсақ жарнама берушілеріміз қолданатын екі негізгі «ойыншы» бар: Adsense қызметін ұсынатын Гугл және Директті ұсынатын Яндекс. Осындай жарнама берушілерді сіз өзіңіздің почтаңызда немесе сұрау салу бойынша көре аласыз. Гугл мен Яндекс сіздің сұрауларыңыз бен геолокацияңызды сараптап, таргеттік (мақсатты) жарнамалық хабарламаны көрсетеді. Жарнаманың тағы бір түрі қымбаттырақ - баннерлік. Баннерлерді Қазақстанның танымал сайттарында қолданады. Көбінде осы сайттар жарнамалық орындарды жарнамалық агенттіктерге сатады, ал олар болса, сайттың бос орындарына жарнама берушілерді іздейді. Бұны қазақстандық сайт та (мысалы «Центр тяжести» сайты жарнама орындарын «New Line Media»  жарнама агенттігіне берді), шетелдік сайт та жасай алады (мысалы, Қазақстанда mail.ru сайтының жарнамасын қазір «Integrated Marketing and Trinity» агенттігі сатуда). Кейде қазақстандық интернет-жарнама шетелдік интернет қолданушысына бағытталады, мысалы, жақында CNN.com сайтында Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне шақыратын баннер ілініп тұрды». Ал ҚазНеттегі жарнаманың соңғы үрдістері жайында Маемиров мырза төмендегідей жауап береді: «Соңғы кездері жаңа үрдіс байқалуда - танымал сайттарда акциялар мен сайыстар ұйымдастыру. Мысалы, бірқатар жергілікті интернет-дүкендер мен ірі компаниялар ресурстың бағытына байланысты сайыстар өткізіп, демеушілік ретінде сыйлықтар табыс етті. Олардың екінші реттік ұсыныстарына қарағанда, қайтарымдары жағымды болды».

Әңгімемізді қорытындылай келе, мамандарымыздан ҚазНеттегі интернет-жарнаманың болашағы жайында сұрауды жөн көрдік. Маемиров мырза жарнаманың болашағын видео-роликтермен байланыстыруда: «Әрине, баннерлік жарнама табыс әкелетінін жоққа шығармаймын, алайда, шетелдік тәжірибені қолдансақ, одан да үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Шетелде, соның ішінде Ресейде де, жарнаманы креативті, есте қаларлық етіп жасауға тырысады, себебі жарнаманың өзін талқылайтын болса, ол жарнамаға ұқсамайтын болады. Мысалы, оған вирустық жарнаманы жатқызуға болады. Қазір ол көпшілікті жалықтырса да, бұл фантазия мен жарнаманы ұсыну әдісіне байланысты болып тұр. Бізде ондайды әлі байқамадым, алайда, "Сатай-фильм" киностудиясы қызықсыз жарнамалық баннердің орнына фильмнің трейлерін ұсынады, осылайша, көрерменнің оны бірден сынай алуға мүмкіндігі туады. Жарнаманың осы түріне ешкім шағымданбайды, керісінше - қуанады. Осыдан, бізде қысқа жарнамалық роликтерді жасайтын компаниялар пайда болады және олардың бағалары ірі жарнамалық агенттіктердің тура осындай қызмет көрсету түрі үшін алатын сомалардан ерекшеленіп тұрады деген болжам жасауға болады». Ал Богураев мырза контексттік жарнамаға үміт артуда: «Менің ойымша, келешекте баннерлер тек қана ірі сайттарға тікелей сатылатын болады, ал баннер алмасу желілерінің танымалдылығы төмендейді, себебі олардың контекстті жарнама атты ірі бәсекелесі бар. Әдетте, осындай жарнама мазамызды алмайды, себебі ол сайттың дизайнына сәйкестендіріліп, мәтіндік блок түрінде жасалынған. Сонымен қатар, осы мәтіндік блок беттің мәтініне орайластырып, контекстке үйлесімді хабарлама ретінде таңдалып, көрсетіледі. Мысалы, бетте автомобильдің бір моделі жайында айтылса, контекстті жарнамаға апаратын сілтеме автодүкен немесе автомобильдер туралы интернет-ресурс болмақ. Өзіміздің «PodKAZt.kz» сайтымызда біз жарнаманың екі түрін бірлесіп қолданамыз - баннердің орындарын сатамыз және контекстті жарнаманы көрсетеміз. Қазақстандық жарнама берушілер контекстті жарнама желілерін белсенді қолданбайды, бірақ бұл уақытша жағдай деген үміттеміз, қазақстандық интернет сегменті өскен сайын осы нарыққа қызығып жүрген компаниялардың базасы да өсер. Мүмкін, көптеген жарнама берушілер интернеттегі жарнаманың қаншалықты табысты екенін қазір де түсініп отырған шығар, бірақ интернетке кірушілердің пайызы қашан ұлғаятынын күтуде».

Қарап отырсаңыз, еліміздің әлемтор кеңістігінде жарнаманың дамуы интернет пайдаланушылар саны мен жарнама берушілердің белсенділігіне байланысты болып тұр. Сонымен қатар, ҚазНет ресурстарының дамуы да өз кезегінде жарнамаға оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Ал әзірге, жарнама берушілеріміз әлемтордағы жарнаманың интерактивтілік, ақпараттылық сияқты оң жақтарын түсінсе және жарнама тұтынушыларына сапалы, ыңғайлы қызмет түрлерін көбірек ұсынса деген тілек бар.

"Қазақстан Іскері" газеті үшін

]]>
Wed, 28 Oct 2009 22:16:40 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)Қазнетhttp://yvision.kz/community/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BD%D0%B5%D1%82+%D0%B2+%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5/20688.htmlhttp://yvision.kz/community/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BD%D0%B5%D1%82+%D0%B2+%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5/20688.html
Білім. Журналистиканың 6 бас сұрағыӘр журналист мақала жазатын болса, мынадай алты сұраққа жауап беруі тиіс: Кім, Қайда, Қашан, Қалай, Неге. Журналист осы сұрақтарға қысқа да болса ақпарат беруі қажет. Ағылшын тілінде алты сұрақтың бесеуі W әрпінен басталады және біреуі H. Сол себепті кәсіби тілде журналистер оларды «Бес W және бір H» деп атайды. Осы сұрақтарды журналистикаға Редьярд Киплинг енгізген болатын.

I KEEP six honest serving-men
(They taught me all I knew);
Their names are What and Why and When
And How and Where and Who.

 

Мақала жазар алдында оның құрылымын анықтау қажет, мысалы, оқиға желісінің жоспары сияқты. Алайда, ең бастысы - мақаланы неден басталатынын анықтап алу керек. Басында сіздің қойын дәптеріңізде осы алты сұраққа жауап беретін ақпараттың бар-жоғын тексеріп алайық. Егер бар болса, онда материалға кірісуге болады. Ең бірінші - лид. Содан бастайық.

Лидты құру.
Жаңалықпен таныстыру үшін 6 сұрақтың ішінен ең маңыздысын таңдап, мақалада басты мәселені ерекшелеп аламыз. Осылайша лидтің алты түрін (6 сұраққа жауап беретіндей) жасайық. Лид мақаланың басты сұрағынан басталады.

КІМ?
Осы сұраққа жауап беру үшін бірінші орынға тұлғаны қоямыз. Көбінде бұл танымал адам - мемлекет басшысы, белгілі саяси қайраткер.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессорлар мен студенттерге оқыған дәрісі зор мәнге ие болды».

НЕ?
Бұл лид  тұлғалардан маңыздырақ оқиғаларға арналады. Лидте жасалынған нәрселер бірінші орында тұрады.

«Семей полигонының жабылғанына да 20 жыл өтті».

ҚАШАН?
Посткеңестік журналистикада бұл лид ең көп қолданылатындардың ішінде. Материалды «бүгін» немесе, мысалы, «28 қазанда» деп бастау дәстүрге айналды. Осындай лид ақпараттың жеделдігін көрсетіп тұрады.

«Бүгін Алматыда «IT-2009 - Microsoft инновациялық жобалары» 2-ші форумы басталды».

ҚАЙДА?
Бұл лид оқиғаның орнына назар аудартады.

«Қазығұрт ауданындағы Жіңішке аулының тұрғындары төрдегі тележәшіктің құмырсқадай жыбырлаған экранына қадалып, дыбысына құлақтарын тосады».


Неге?

Лидтің осы түрі оқиғаның себептерін ашып тұрғандай болады.

«Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ашылған сайттардың мақсаты - қазақ тілді интернет-журналистиканы дамыту мен қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы бәсекені арттыру».

Қалай?
«Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасында құжаттардың басым бөлігі тек орыс тілінде жүргізіліп келген, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жұмыстарына бюджеттен бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалған дейді тексеріс жүргізген прокурорлар».

Қарап отырсаңыз, лид қазақ тілінің қолдану жағдайын көрсетіп тұр.

Мінбер.кз үшін

 

]]>
Wed, 28 Oct 2009 14:44:46 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)журналистикаhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%91%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC/20644.htmlhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%91%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC/20644.html
Білім. Фотожурналистика жайындаФотожурналистика  басқа фотографиялық өнерге қарағанда күнделікті өмірде біз байқамайтын шынайылықты көрсетуге көбірек бағытталған. Дұрыс түсірілген сурет мәтіннен гөрі бәрін нақтылап айқындап береді. Себебі фотожурналистика - сөйлеп тұратын жанр. Фотожурналисттің объекті тек адамдар ғана емес, саяси толқулар мен көтерілістерден ғана да құралмайды; сурет арқылы әртүрлі кадрларды көрсетуге болады, идеясы сақталса болғаны.

Фотокорреспонденттің  міндеті - оқиғаны дұрыс түсіну, көру, түймедей нәрсені түйедей қылмай, фактыны нақты көрсетіп, көрерменді толғандыру. Жақсы фотография визуалды түрде оқылуы тиіс. Сөзсіз, көріп - түсіну. Оны жоққа шығармау керек, алайда, репортаж жанры ашық, толыққанды пікірді талап етеді, яғни бейнеге байланысты ақпарат жазылып, оған қосымша «жүк» артылады.

Көрермен материалды оқып, сурет арқылы толық оқиғаны  көріп тұрады, яғни мәтін суреттің шекарасын кеңейтеді. Таң қаларлық бір фотографиядан гөрі пікір  мен көзқарастар бар фотоның  эффектісі көбірек болады, себебі қиын жағдайды түсіндіретін мәтін бейненің мәнін ашады. Сонымен қатар, мәтінсіз «айқайлап тұрған» фото көрерменде психологиялық қорғанысты - қабылдамауды - қоздыруы мүмкін. Ал бейтарап ақпарат максималды түрде дұрыс нәтиже беруі қажет.

Фотожурналистиканың атасы Анри Картье-Брессон фотография әлеміне өз жаңалығын әкеліп, негізгі заңдылықтарды да құрған еді. Танымал фотограф фотоға түсіріп алған адамдар үшін «көрінбейтін» болып қала білді. Оның суреттері түсіру кезінде үнемі аяқталған болатын: фотоларын өзгертпейтін, жасалған суретті кадрламайтын. Сонымен қатар, оның есімі кез келген сценаның эмоциялық шарықтау шегіне жеткен кезді, яғни «шешуші мезетті» түсіріп алатынымен танымал. Фотография әлемінде Картье-Брессон оқиғаға экспрессия беретін мезетті тауып ала білді.

Ол қарапайым  адамдар мен танымал тұлғаларды түсіретін. Мысалы: Альбер Камю, Жан Ренуар, Мэрилин Монро, Коко Шанель, Жан-Поль Сартр, Луи Арагон және т.б. Картье-Брессон қиялдамайтын, жасанды шынайылықты жасамайтын, фотографияның тек деректі жанрына адал болды.

Бүгінгі жаңалық  жеткізетін фотография - күнделікті оқиғалар барысы, олар жергілікті немесе халықаралық масштабтан тәуелсіз. Халықаралық  оқиғаларға жатқызылатын материалдар  әлемдік нарыққа Reuters, AP және AFP сияқты агенттіктермен жеткізіледі, ал жергілікті жаңалықтар кішірек және мамандырылған агенттіктер немесе ерікті фотографтардың (freelance) еншісінде. Сандық камералардың пайда болуы осы сектордың жағдайын біршама өзгертті. Бүгінде танымал фотографтардың көбісі жаңалықтық фотографиядан бастағандар. Жаңалықпен жұмыс - фотожурналист үшін тамаша мектеп. Саяси, мәдени шаралар, қылмыстық оқиғаларды суретке түсіру арқылы фотограф композицияны құрастыруға үйренеді, ал осындай тәжірибені фотожурналистикада жинақтауға болады.

Бүгінгі таңда  баспасөз бетіндегі фотографиялардың беделі бұрынғыдай емес, оған себеп - Әлемтордағы  ақпараттың жеделдігі. Интернетте секунд сайын пайда болатын оқиғалар дәлдікті, шынайылықты талап етеді, ақпаратты жандандыру үшін бейнелермен қоса жарияланады. Интернет-журналистика мен блогингтің стилі - қысқа да нұсқа ақпаратпен қоса мультимедияны ұсыну, сол себепті, вебтегі жазба фотографиялармен жарияланса, сенімділік факторының деңгейі жоғарылайды.
Мысалы, BBC сынды жаңалықтық қызмет оқырман үшін «Объективтегі күн» атты айдарында қызықты, маңызды фотоларды жариялап тұрады. Төменде Палестинадағы графити: «Көп адамдар қолдарына қару ұстап алады, бірақ осы қаруды жауға қарсы қолданатындар аз».

Блогосфера фотография арқылы әлемді аралайды, мысалы, «Жаңа Евразия» блогында жас журналист Нұрайым Рысқұлова оқырмандарды Душанбе көшелерімен таныстыруда.

Қазіргі заманда  фотографтардың нарықпен көзбе-көз жүздесуге, жұмыстарын сайттарға жариялауға, көрерменмен пікір алмасуға мүмкіндігі бар. Бірақ, заман өзгерсе де, фото өнері жайында: «Суретші мен табиғаттың шығармашылық тандемі - екеудің ойыны» - деген сөздің шынайылығы мәңгі қала бермек.

Мінбер.кз үшін.

]]>
Wed, 30 Sep 2009 23:42:12 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)Картье-Брессонhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%91%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC/19055.htmlhttp://arsik.yvision.kz/blog/%D0%91%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC/19055.html
Twitter. Репрессияларды жүргізбейтін твиттерянин 

Жомарт Әмірханов Қазнеттің танымал өкілі, оның Қазақстан Интернетіне арналған блогы тұрақты оқырманға ие. Сонымен қатар, Жомарт Твиттер әлемінің белсенді тұрғыны. Дәл қазір оған жазылған адам саны - 857 (390 фолловинг санымен), ал ондағы жазбалар саны 16 мыңнан асып кетті. Твиттердің бүгінгі жай-күйі мен ондағы қазақстандықтардың белсенділігі жайында білу үшін Жомартты әңгімеге тарттым.

Твиттер жайында алғаш рет қайдан және қашан естідің? Қашан қолдана бастадың?

Қиын сұрақ екен. Алғаш фолловингім Иван Богураев болғандықтан, мүмкін, соның блогынан оқыдым. Бірақ осы жаңалықты Хабрахабрдан оқып, кейін Твиттерден қазақстандықтарды іздей бастағаным да әбден мүмкін. Қашан қолдана бастағаным жайында жауап беру қиын емес, себебі ол үшін арнайы сервистер бар. Твиттерде мен 2008 жылдың шілде айында тіркелдім, екі айдың ішінде оған үйреніп алдым да, күзде микроблоггинг өмірімнің белгілі бір бөлігіне айналды.

 

Твиттерге өз анықтамаңды бере аласың ба?

Твиттер - бұл глобальді чат және осы жерде сенімен сөйлесіп отырған адамды бақылай аласың. Бұл сөйлеуші кез келген адам болуы мүмкін, мысалы, көршің не Яндекстің директоры.

Сен барлық френдтеріңді оқисың ба?

Мүмкінідігім болса, оқылмаған твиттерді кейін оқып шығуға тырысамын. Қазір тұрақты кезең деп айтуға болады, себебі, ең қызықты адамдар қалды және жаңаларға жазылғым келмейді. Сол себепті, фолловингтердің жазбаларын қараусыз қалдырмаймын.

Қазақстандық твиттеряндар ішінен қайсысын «беделді» деп айта аласың және қайсысына жазылуға кеңес бересің?

Біздікілерден мен көбісін оқуға тырысамын, сондықтан біреуді «беделді» деп атап, ешкімді ренжіткім келмейді. Оған қоса, твиттеряндықтарды бағалайтын объективті көрсеткіш жоқ.

Менің фолловерлерімді қарап, олардың көрсеткіштерін бағалауға (твит және френд саны бойынша), олар не жазып жүргенін қарауға болады (твиттерді дұрыс қолданбайтындар бар, ондайларға жазылмаймын).

 

Қандай тви-боттарға жазыласың?

Бір ғана бот - @tvepisodes_all. Ол трекерлердегі жаңа сериалдар жайында жазып тұрады. Твиттер-боттардан гөрі өзіме RSS ыңғайлы.

 

Ал тви-клиенттердің ішінен қайсысын қолданасың, қайсысы жақсы?

Бұл бетке қарасақ http://tweetstats.com/graphs/zhomart , менің көбінде TweetDeck-ті қолданып жүргенім көрініп тұр. Бұл толыққанды микроблоггинг үшін ыңғайлы, әрі көп функционалды клиент. Сонымен қатар, мен  TweetDeck-тің кіші інісі twhirl-ды қолдануға кеңес берер едім. Әрине, осы орайда Артем Игликовтың Open Source әзірлемесі Qwit туралы да айтып өтпеске болмайды. Өте тамаша мультитұғырнамалы клиент, кейбір функционал жетпегендіктен, әзірге оған толық көшкен жоқпын.

Саған жазылмаған фолловерлерге жазыласың ба және анфоллоуға анфоллоумен жауап бересің ба?

Қысқаша айтсам, маған біреу жазылды ма, әлде жоқ па - бәрібір. Анфоллоуларды бақылап отырмаймын, репрессияларды жүргізбеймін.

Жақында твиттеряндар үшін ережелер пайда болды, осы тізімге өзің қай ережені қосушы едің? Твиттерде «не істемеу керек»?

Блогымда бұрын твиттерге байланысты кеңестер жазған едім. http://itkaz.ru/sovety-po-mikrobloggingu/ Осыдан кейін кереметтей еш жаңалық болған жоқ деп айтуға болады.  Әркім өз микроблогын қалай жүргізетінін, кімді оқитынын өзі біледі.

Сен фоллоу жасайтын тви-қолданушы қандай болуы шарт?

Басқалардан ерекшеленбеймін: ол маған қызықты болуы қажет. Оффлайн өмірде танитын адамдарға міндетті түрде жазыламын. Дәл қазір біреуге жазыл деп өтінетіндерге қарамаймын. Көптеген фолловерлерге үйреніп қалдым және инерция бойынша жазыла беремін.

 

Твиттердегі достарыңнан жиі көмек сұрайсың ба?

Анда-санда ғана сұраймын. Бірақ сұраған кезде олар жиі жауап береді. Кейде жауапсыз да қаламын. Осындай кезде Гуглге сенуге тура келеді. Негізі, ең бірінші кезекте содан көмек сұраймын.

 

Тви-протесттерге қатысасың ба және осындай наразылық білдірулерге көзқарасың қандай?

Әр оқиғаға байланысты әрқилы көзқарасым бар. Бұл қандай мақсатпен жасалынатыны жайында түсіну қажет. Егер де мақсаты оған жетудегі шығынды ақтамаса, қатыспаймын. Негізі, флешмобтарға және басқа да тви-протесттерге сирек қатысамын.

 

Өзіңнің тви-цитатнигің туралы айтып берсең?

Ол Сергейдің "Цитируй!Фаворить!" (http://iskariot.ru/ блогының иесі) атты плагині арқасында пайда болған. Плагин фаворитстерді Wordpress блогына интеграциялайды. Мен осы плагинді қойып, блогымда арнайы бөлек бет жасадым. Бірақ абай болыңыз, кейде онда сізге жағымсыз нәрселер жариялануы мүмкін.

 

Твиттердің болашағын қалай елестетесің?

Болашағы тұманды, әзірге оның иелері жобаның монетизациясын анықтаған жоқ. Егер де жақсы шешім табылса - бұл сервистің болашағы бар деген сөз. Сонымен қатар, мен Google Wave-ты күтудемін, оның да болашағы твиттермен сәйкеседі.

 

Соңында твиттерге неге тіркелу қажет деген сұрақ?

Твиттерге тіркелмеуге де болады, әркім осыны өзі үшін шешуі тиіс. Ал біреуді көндіру деген менде жоқ.

Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңа көп рахмет. Істеріңе сәттілік.

фото

]]>
Sun, 27 Sep 2009 22:28:11 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)микроблоггингhttp://yvision.kz/community/Twitter/18869.htmlhttp://yvision.kz/community/Twitter/18869.html