Бүгінгі маркетинг және көптеген жарнамалық акциялар Интернет көмегімен үлкен нәтижелерге жетуде. Сарапшылардың түрлі зерттеулерінде әлеуметтік маркетинг деген сөзді жиі естуге болады, себебі әлеуметтік медиа брендтерді бағалау мен тұтынудың деңгейін, тұтынушылар сұранысын нақты көрсетеді.
Интернетте брендті, компанияны немесе ресурсты жағымды жағынан көрсетіп, жаңалықтармен бөлісіп, тұтынушымен қалай байланыс орнатуға болады? Төменде әлеуметтік маркетинг арнайы стратегияларға ие болған жағдайда маркетингтік құралдардың түрлері мен оларды жүзеге асыру форматы көрсетілген.
Фотожурналистика басқа фотографиялық өнерге қарағанда күнделікті өмірде біз байқамайтын шынайылықты көрсетуге көбірек бағытталған. Дұрыс түсірілген сурет мәтіннен гөрі бәрін нақтылап айқындап береді. Себебі фотожурналистика - сөйлеп тұратын жанр. Фотожурналисттің объекті тек адамдар ғана емес, саяси толқулар мен көтерілістерден ғана да құралмайды; сурет арқылы әртүрлі кадрларды көрсетуге болады, идеясы сақталса болғаны.
Eric Qualman өзінің Socialnomics кітабында әлеуметтік желілерді негізге алып, оларды индустриялдық революция уақытынан кейінгі төңкеріс ретінде қарастырады. Сонымен, келешекте бізді не күтіп тұр?