кино

Жасырын жарнама немесе Продакт плейсменттің қазақстандық кинодағы қадамдары жайында саясатшы, танымал блогшы Әділ Нұрмақовтың пікірі:

"Продакт плейсмент екі жағдайда қолданылады - шығындардың бір бөлігін өтеу үшін, немесе кино не бейнеклип жасап отырған топ пен танымал бренд арасындағы байланысты көрсету үшін; орындаушы/режиссердің танымал брендке жылы көзбен қарайтынын көрсету мақсатымен де жасалынуы мүмкін.

жалғасын оқу
Arsik
Arsik
16 июня 2010, 18:28
 0  
просмотров
51

2010 жылы асыға күтіп отырған кино тізімім ұзақ емес, бірақ 2010 жыл былай тұрсын, 2011-де шығатын киноны да күтетін болдым (бүгіннен бастап, әлі 1 жыл бар екен ^_^). Өте қызықты болады-ау деген киноның аты - «Қара аққу» («Black Swan»).

жалғасы
Arsik
Arsik
06 января 2010, 01:44
 3  
просмотров
276

 

Коко Шанель - бұл жай ғана тарихи тұлға емес, бұл  өшпейтін сән дәуірі.  Оның модельдері қарапайымдылықпен ерекшеленетін, ал «Шанель стилі» түсінігі сән терминологиясына айналды.

Шанель киімді модельдеумен қоса, зергерлік бұйымдардың дизайнымен де айналысты. Ол стразалар мен табиғи тастардың арасында үйлесім таба білді. Коко өмірі париждық богемамен тығыз байланыста еді. Балет спектакльдеріне жиі барып, танымал балет импрессарио Игорь Дягилевпен, суретші Пабло Пикассомен достық қарым-қатынаста болатын. Көп адамдар Шанельге қызығушылық танытып, танысқысы келетін, бірақ кейін оның ақылсыз емес, өткір ойлы екенін байқайтын. Пикассо оны «әлемдегі ең парасатты әйел» деп атайтын.

әрі қарай видео, фото
Arsik
Arsik
17 июля 2009, 01:14
 10  
просмотров
308
4

Анна Гавальданың «Ensemble, c'est tout» романында: «Адамға эмоциялардың қажеті не, егер де олармен бөлісетін ешкім жоқ болса?» - деген сөз бар. Сезім, көзқарас, көңіл-күйдің өзін басқаларға жеткізудің бір тамаша жолы – өнер; соның ішінде кино өнеріне қатысты Future Shorts туралы қысқаша айтып өтсем.

Future Shorts бұл авторлық қысқаметражды кино, анимация, клип және видеоартты Британия, Дания, Германия және Ресей сияқты 21 елде тарататын және насихаттайтын ірі тәуелсіз кинолейбл. 2007 жылдан бастап бұл жобаның Қазақстанда Алматы, Астана және биылдан бастап Қарағанды қалаларында 20 көрсетілімі өтті.

кино туралы және видео
Arsik
Arsik
15 июня 2009, 18:06
 18  
просмотров
176
11

Бұлардың қайсысына тоқтаймын, салған суретім қандай болып шығады, мен оны әлі білмеймін. Менің көзім жеткен бір нәрсе ғана бар: ол – талмай, тайынбай іздену.

Ш. Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» шығармасынан үзінді

Бүгін Шыңғыс Айтматовтың дүниеден өткеніне бір жыл. Алайда, қырғыз классигінің әдеби туындылары мәңгі жасайды деп ойлаймын. Романтикалық реализмге толы «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Ана-Жер Ана», «Ақ кеме», «Боранды бекет» шығармалары бойынша кеңес уақытында кино түсірілген еді. 2008 жылы біздің Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Қош бол, Гүлсары» шығармасын экранизациялаған болатын.

Айтматов көз тірісінде осы киноның бірнеше кадрларын ғана көруге үлгерді, бірақ режиссердің сол кездегі дайын материалының өзіне ризашылығын білдірген болатын. Авторлық кино повесьтті толық қайталамайды, кейбір эпизодтар жоқ болса да, картинада режиссер эмоцияларды емес, сезімдерді көрсеткісі келген. Осылайша кинода достық, құштарлық, іске деген адалдықты көре аламыз.

жалғасы
Arsik
Arsik
10 июня 2009, 00:07
 2  
просмотров
285
9
 
Arsik
44.46
Статистика
Зарегистрирован 12 сентября 2008
Рейтинг записей 17
Рейтинг комментариев 1.5
Записей в блоге 35
Комментариев 177
войти
зарегистрироваться
сообщества
последние записи
записи по обсуждениям
записи по рейтингу
создать новое сообщество
личные блоги
последние записи
записи по обсуждениям
люди
самые активные
новые
по городам
по интересам
блог проекта
правила участия
помощь
мы на других сайтах
реклама
конкурсы
контакты
WebEverywhere, 2008-2010

Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Казнета Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Казнета