Желтоқсан айында Қарағанды облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы драмтеатрда Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» атты романынның идеясы негізінде «Мәңгі Мәңгү. «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан туған ой» атты спектакль қойылған болатын. Қойылымның режиссері - Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Мәдениет қайраткері Бекмұхамет Киікбаев.
Романның өзінен бастайтын болсақ, алғашында автор шығарманы «Құрсау» (орысшасы «Обруч») деп атады, яғни мәңгүрттің «құрсауы» мағынасында. Кейін ол «ғарыштық құрсауға» трансформацияланып, «адамзаттың басына орнайды». Алайда, цензура



1





















